Алматыда сапасыз жолдар үшін 223 шенеунік жауапқа тартылды

Алматы облысында нашар жолдар үшін 223 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды Хабар 24 Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жол-техникалық испекторлар автожолдарда 2 мыңнан аса тексеріс жүргізген. Ойылып, шұңқырға айналған шұрық-тесік һәм кедір-бұдыр жолдар мен ашық қалған құдықтардан қауіп көп, – дейді тәртіп сақшылары. Сол себепті облыстық Полиция департаменті жауапты мамандарды жазалап, оларға бас-аяғы 8,5 млн теңгеге жуық айыппұл салды.