426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еуразиялық әйелдер форумы: Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау тәжірибесін ұсынды

  • 89
  • UPD: 22:19, 14.10.2021
Еуразиялық әйелдер форумы: Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау тәжірибесін ұсынды

Санкт-Петербургте үшінші Еуразиялық әйелдер форумы өтіп жатыр. Екінші күні оған мың жарымға жуық адам қатысты. Арасында парламентарийлер, билік пен халықаралық ұйым өкілдері, іскер әйелдер бар. Қазақстан атынан бұл басқосуға бір топ депутат барды. 

Санкт-Петербургтегі үшінші Еуразиялық әйелдер форумында саясат пен бизнестен бөлек, экология, денсаулық сақтау, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету мен еңбекақы мәселелері талқыланды. Жетістікке жеткен жандар сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Оның ішінде қазақстандық делегация да бар. Біздің ел басқосуда Алматыда еуразиялық зерттеу орталығын құруды ұсынды.

«Ол бүкіл әлемдегі әйелдерге қыз-келіншек пен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді», –дейді Қазақстан Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ляззат Рамазанова.

Ләззат Рамазанова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы:

– Гендерлік бастамаларды қолдау саясатында жүйелілік жоқ. Өз білім-білігімізді қолданып, Орталық Азия гендерлік ағарту орталығын құратын уақыт келді. БҰҰ-ның аймақтық хабы ретінде Қазақстан өте жақсы алаң бола алады. Соның аясында тәжірибесі мол мамандарды тартуға болады.

Халықаралық алаңда Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау бойынша тиімді тәжірибесін ұсынды. Біздің елімізде әйелдер қауымы әр салада қызмет етіп жүр. ЖІӨ-нің шамамен 40 проценті әйелдердің есебінен құралады. Шешім қабылдау жағынан да іскер әйелдердің үлесі біршама артқан. 30 проценттік гендерлік квота енгізілгелі жергілікті билік органдарына сайланған әйел-депутаттар саны екі есеге өсті. Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің 60 пайызы – әйелдер.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Форум алаңында ауған әйелдерінің тағдыры да талқыланды. Шараға қатысушылар бұл елге гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды.

Авторлары: Дана Нуржан, Шахзод Гамиров

Хабар 24 телеарнасы