Елде алаяқтар көбейіп кетті

Елдегі әрбір төртінші қылмыстық құқық бұзушылықтың бірі осы – алаяқтардың кесірінен болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір жыл ішінде 39% өсіп кеткен. Бұл туралы ranking.kz хабарлады. Жыл басынан бері елде «Алаяқтық бабы бойынша 31 900 дерек тіркелген. Оның жартысынан көбі интернет-алаяқтарға қатысты. Бұлардан келген шығынның жалпы сомасы – 47,4 млрд теңге. Бұдан бөлек, төлем карталарын қолдану, ақшаны қарызға, несиеге беру бойынша қылмыстар көп. Бұл жайттар бойынша Алматы тізімде бірінші тұр. Онда 6400 қылмыс тіркелген. Антилидерлер үштігінде елдің тағы екі мегаполисі Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары бар.