БҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

Арқаны кеңге салатын кез әлі келмеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Қазақстан облысында соңғы 15 күнде 100-ден астам оқушы індет жұқтырған. Аурып жатқандардың арасында мұғалімдер де бар. Өңірде санитарлық талаптарды сақтамайтындар көп. Небәрі екі аптада 55 дерек тіркелген. Оларға салынған айыппұл көлемі 6 миллион теңгеге жуықтайды. Облыс қазір аймақта. Өткен тәулікте 57 адамның вирус жұқтырғаны мәлім.   

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Сонымен қатар арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында 8 жағдай және жоғары оқу орнындағы студенттер арасында 8 жағдай анықталды. Бүгінгі күні 8 мектепте 11 сыныптың оқушылары мен мұғалімдерін үй карантиніне көшіру туралы 10 қаулы шығарылды.