Таразда қоғамдық бірлік пен келісім тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр

Шараға Ресей, Украина, Израиль, Болгария, Өзбекстан мемлекеттерінен сарапшылар келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған. Жиында этносаралық қатынастарды реттеудегі бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сарапшылардың пікірінше, ұлтаралық кикілжіңдер мен оған итермелейтін бірінші кезекте интернет кеңістік. Сондықтан оны жіті бақылауда ұстап, ақпараттарға дер кезінде талдау жасап отыру маңызды.

Андрей Манойло, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры:

– Ассамблея халықтар бірлігі мен ынтымақтастығын қалыптастырып, олардың көзқарастарын бір жерден шығаруға ықпал ететін өте тиімді әрі бірегей құрал. Бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты және жоспарлы түрде ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Бұл мемлекеттік саясаттың дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты.

Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

– Жылдың басынан бері 2900 материал бұғатталды. Десе де бұл осындай мәселенің бар екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан да бүгінгідей диалогтық алаңда өте қажет. Өйткені келген сарапшылардың ойлары олардың осы бағыттағы ең дұрыс деген жолдарды көрсетіп, оларға баға беру біздің мемлекеттік саясаттың негізіне түседі.

Сондай-ақ...