430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елорданың LRT жобасына банктердің бірі ақша беруге дайын – Көлгінов

  • 133
  • UPD: 19:48, 15.10.2021
Елорданың LRT жобасына банктердің бірі ақша беруге дайын – Көлгінов

Елордадағы LRT жобасын банктердің бірі қаржыландыруға дайын. Бұл туралы шаһар әкімі Алтай Көлгінов айтты.

Алайда қандай банк екенін нақтылаған жоқ.

«Тиісті құжаттарға қол қойып болғаннан кейін барлық шарт жария болады» деп уәде берді қала басшысы.

Айтуынша, қаржы ұйымдарымен келіссөз бір жылдан астам уақыт бойы жүрген. Бірақ қаржылық мүмкіндіктерінің аз болуына байланысты бірқатар банк бұл істен бас тартқан.

Хабар 24 телеарнасы