Петропавлда сүрілетін жеке үй үшін берілетін өтемақыға халықтың көңілі толмай отыр

Солтүстік Қазақстанда сүрілетін үйлерге берілетін өтемақы халықты қанағаттандырмайды.

Тұрғындардың айтуынша, әкімдік жылжымайтын мүлікті төмен бағалап отыр. Салдарынан кейбірінің ісі сотқа жеткен. Жеке сектордың бұзылуынан шаһарда қаңғыбас иттер де көбейген.

- Он один остался, наш дом здесь. И вот они требует чтобы мы продали его за 22 миллиона.

Рычковтар отбасы үйінің жанында жақында құрылыс жұмыстары басталмақ. Бірақ олар баспанасын босатуға асығар емес. Айтуларынша, әкімдіктегілер үйдің өз құнынан екі есе төмен баға ұсынған. Сондықтан іс сотта қаралып жатыр.

Александр Рычков, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Ия, көршілерімнің көбі тұрғын үйлерін жақсартты. Бірақ менде неге керісінше болуы керек? Баспанамның аумағы 106 шаршы метр. Гараж, монша, жылыжайым бар. Бірақ олар оны есепке алмай отыр. Сондықтан соттасып жатырмыз.

Александрдың көршісі де азын-аулақ қаржыға келіспейді. Оның үйін осыдан екі жыл бұрын бағалапты. Бірақ қазір баспана құны қымбаттаған.

Юлия Шерстова, Петропавл қаласының тұрығыны:

- Біздің үйді бірнеше жыл бұрын 15 миллион теңгеге бағалады. Ал бүгінгі құны басқа. Себебі бұл аудан жылдан-жылға көркейіп келеді. Қазір үйімді 35 миллион теңгеден кем бергім келмейді

Жыл соңына дейін облыс орталығында 700 үй сүріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен - 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жауаптылардың айтуынша, мұндай мәселе құжаттардың дұрыс болмауынан туындаған.

Ерлан Әубәкіров, қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Оценкаға кіретін ол -жер. Оның үстінде заңды түрде қандай құрылыстар заңдастырылған, солар бағаланады. Заңдастырылмаса бағаланбайды. Көбінесе зейнетке шыққан адамдар. Қолында тех паспорты болады. Техпаспортты қарайды, болды міне бар деп. Сонымен жүріп қалады. Негізі техпаспортты заңдастырмай қалады, юстицияға бармайды.

- Все, я тут. Все, красавчик, все, все.

Жеке секторлардың жаппай сүрілуі салдарынан қалада қаңғыбас ит-мысықтар да қаптады. Ал волонтерлер оларды тиісті орындарға жайғастырумен әлек.

Валентина Василенко, зооқорғаушы:

- Бұл тұрғындардың жауапсыздығы.Тастап кетеді. Соңғы жылдары далада қалған үй жануарлары тым көбейіп кетті. Біз оларды дәрігерге қаратып, арнайы орындарға орналастарырамыз. Ал, билік оларды ұйықтатып тастайды. Бұл жерде арнайы заң қабылданса дейміз.

Иелері үйсіз қалмайды-ау, бірақ жануарлары жаппай күйсіз қалып жатыр. Волонтерлер осыған налиды. Қаладағы арнайы орындарға жеткізілген төрт аяқтылар саны мыңнан асты.

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев