Дүние жүзінің қазақтары Павлодарда бас қосты

Дүние жүзі қазақтары Ертіс өңірінде бас қосты. Павлодар облысында өткен «Қасиетті қазақ елі» халықаралық фестиваліне Түркия, Моңғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан елдерінен келген өнерпаздар қатысты.

Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлері, әншілер, жыршылар, термешілер мен ақындар өнер көрсетті. Шеберлер ұлттық бұйымдар жасау мен нарыққа шығару бойынша тәжірибе алмасты.

Болат Зауытов, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар» қоры облыстық филиалының басшысы:

- Шетелде тұратын қандастардың таланттарын анықтау, олардың мәдениеті, ұлттық құндылықтарын дамытуға, оларды қазақ еліне шақыруға мақсат тұтып, өткізіп жатырмыз. Ұмытылмаған салт-дәстүрі, ән-жыры, күйі, соны біздің тұрғындарға айтып, тәжірибе алмасу. Дәстүріміз болсын, мәдениетіміз болсын, басқа да ырым-жырым сөздер, осының қайта орнына оралғанына біз қуаныштымыз.

Гүлназ Қадыр, «Қазөнер» орталығының директоры:

- Өндірушілердің түйткілді мәселесі – өндірген дүниесін халық назарына қажетті деңгейде ұсына алмайды. Сол себепті белгілі бір деңгейге жетіп, тоқырауға ұшырап жатыр. Сол жұмыстарды біраз болсын оңтайландырып, отандық өндірушілерді қолдау түрінде «Қазөнер» орталығын ашқан болатынбыз. Бұл жерде отандық өнімдер өндірушінің бағасымен халық назарына ұсынылады. Дүкендер санын көбейтуді жоспарлап отырмыз.