Карантин талаптарын сақтамағандарға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Жұрттың көбі карантин талаптарын сақтамайды. Қостанайда да осы. Коронавируспен ауырып, науқастармен байланыста болған 2300 адам қоғамдық орындарға кірмекші болған.

Ashyq жүйесінде «қызыл» мәртебесі бола тұра шектеу тәртібін елемегендер енді әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Қазіргі уақытта тоқсан адамға төрт миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Олардың есімдері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланады.

Владимир Нечитайло, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Бұл адамдарда ауру белгілері болмаған. Бірақ ПТР сынамасы ағзаларынан коронавирус бар екенін анықтады. Сондықтан науқастар есебіне алынды. Үй карантиніне жабылды. Олар індет таратушылар, яғни қоғамға қауіп төндірушілер. Олар соны түсінбейді.