434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тайынша қаласында алғашқы заманауи мобильдік полиция бекеті ашылды

  • 174
  • UPD: 10:12, 16.10.2021
Тайынша қаласында алғашқы заманауи мобильдік полиция бекеті ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір аудан орталығын далаға шықпай-ақ бақылауға болады.

Тайынша қаласында алғашқы заманауи мобильдік полиция бекеті ашылған. Осы жердегі бейнебақылау кешеніне 8 камера қосылған. Тәртіп сақшылары осы арқылы мектептер мен қоғамдық орындарды да бір орыннан қарап, қадағалап отырады. Бұл бекетке жергілікті тұрғындар да кез келген уақытта келе алады.

Марат Төлебаев, СҚО ПД бастығы:

–«Жұртқа жақын полиция» принціпін іске асыру үшін осындай автономды бекеттер облыстың басқа да аудандарында ашылатын болады. Полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарады. Бұл полиция жұмысын, сервистік форматын, жеделдігін, ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы