Семейде эпиджағдайдың тұрақтылығы байқалады

Семейдегі білім беру мекемелеріндегі эпидемиологиялық жағдай бүгінгі таңда тұрақты, деп хабарлайды Хабар 24.

Мектептер оффлайн режімінде жұмыс істеуде. Егер, ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен оқушы анықталса, онда сынып түгелдей «қашықтықтан» оқытуға көшіріледі. Залалсыздандыруды сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты, алдағы дүйсенбіден бастап оқушылар мектепке өздігімен баратын болады. 1 қыркүйектен бастап жалпықалалық маршрут желісінен алынған 25 автобус қайта қалалық маршрутқа оралады. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мәлімдеді.

«Қыркүйек айының басынан бастап 3000-нан астам оқушы қалалық көлікпен тасымалданды. Атап өту керек, қыркүйек айының басында қала «қызыл» аймақта болды. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, шалғай аудандардағы оқушыларды тасымалдаумен айналысқан 29 мектеп автобустарына жалпықалалық маршрут желісінен қосымша 25 автобус берілді, оларда оқушы тасымалын жүзеге асырды. Бүгін, қала «сары» аймақта болғандықтан, қажеттілігі жоқ деп танылды, және осы 25 автобус қайта қоғамдық көлік маршруттарына оралады. Яғни, дүйсенбіден бастап оқушылар мектепке өздігімен жететін болады. Қалған 29 автобус, бұрынғысыншы өз жұмыстарын жүзеге асыруды жалғастырады», – деп хабарлады Наталия Фесенко.

Жалпы, конференцияда хабарлағандай, эпидемиологиялық жағдай Семейде тұрақты. Індетті алдын алу мақсатында тұрғындарды вакцинациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 213 мың семейлік вакцинацияланды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Семейде эпиджағдайдың тұрақтылығы байқалады

Семейдегі білім беру мекемелеріндегі эпидемиологиялық жағдай бүгінгі таңда тұрақты. Мектептер оффлайн режімінде жұмыс істеуде. Егер, ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен оқушы анықталса, онда сынып түгелдей «қашықтықтан» оқытуға көшіріледі. Залалсыздандыруды сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты, алдағы дүйсенбіден бастап оқушылар мектепке өздігімен баратын болады. 1 қыркүйектен бастап жалпықалалық маршрут желісінен алынған 25 автобус қайта қалалық маршрутқа оралады. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мәлімдеді.

«Қыркүйек айының басынан бастап 3000-нан астам оқушы қалалық көлікпен тасымалданды. Атап өту керек, қыркүйек айының басында қала «қызыл» аймақта болды. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, шалғай аудандардағы оқушыларды тасымалдаумен айналысқан 29 мектеп автобустарына жалпықалалық маршрут желісінен қосымша 25 автобус берілді, оларда оқушы тасымалын жүзеге асырды. Бүгін, қала «сары» аймақта болғандықтан, қажеттілігі жоқ деп танылды, және осы 25 автобус қайта қоғамдық көлік маршруттарына оралады. Яғни, дүйсенбіден бастап оқушылар мектепке өздігімен жететін болады. Қалған 29 автобус, бұрынғысыншы өз жұмыстарын жүзеге асыруды жалғастырады», – деп хабарлады Наталия Фесенко.

Жалпы, конференцияда хабарлағандай, эпидемиологиялық жағдай Семейде тұрақты. Індетті алдын алу мақсатында тұрғындарды вакцинациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 213 мың семейлік вакцинацияланды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.