«Expo Dubai»: қазақстандық суретшілер тың туындыларын таныстырды

Дубайда өтіп жатқан Экспо халықаралық көрмесінде қазақстандық суретшілер тың туындыларын таныстырды.

Шығармашылық иелерінің бұл жолғы жұмысына ұлттық өнер, мәдениет, салт-дәстүр және ұлы даланың қасиетті ұғымдары арқау болған. Суретшілер Нұрай Медеуова, Арыстан Смағұлов және Армат Бектас Қазақстан павильонына көпшілік назарын аударды. Мұнда негізінен халқымыздың тарихына қызығушылар көп. Көрмедегі картиналар ұлттық құндылық жайында сыр шертеді.

Армат Бектас, суретші:

– Қазір бүкіл әлем назары Экспо шарасында. Дубайдағы қалашықта 190 мемлекеттің павильоны орналасқан. Күн сайын жаңашыл өнімдермен танысып жатырмыз. Қазақстандық павильон өзіндік тұрғыда ерекше. Ұлы дала философиясын осындай туындылар арқылы жеткізгіміз келді.