Семейдегі көпірде алты көліктің қатысуымен жол апаты болды

Семейдегі көпірде көктайғақ салдарынан жаппай жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды Хабар 24 zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Arnapress.kz көпірде бірден алты көліктің қатысуымен жаппай апат болғанын хабарлайды.

Жаппай жол-көлік апаты бүгін, 16 қазан күні, сағат 8:30 шамасында болған. Оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда машиналардың сынғаны байқалады. Олардың жанында жедел жәрдем қызметі бар.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті: «23 жастағы Lada Granta жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлді басқара алмай,  үш көлікпен − Mitsubishi, Volgswagen және Hyundai маркалы көліктерге соғылады. Hyundai көлігінің инерциясымен  Toyota көлігі тағы екі көлікпен соқтығысқан», – деп мәлімдеді.

Апат салдарынан әзірге шеккендер жоқ.

ЖКО жағдайлары анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ...