«Қызыл» және «сары аймаққа» кірген өңірлер қатары артты

2021 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл аймақта»: Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.

Еске салсақ, кеше Қостанай облысы «сары», ал Шымкент «жасыл аймақта» тұрған еді.