Коронавирустен емделіп жатқан 172 адамның жағдайы өте ауыр

17 қазандағы мәлімет бойынша 52 716 адам коронавирус инфекциясынан (–46 116 + және 6 600 КВИ-) емделуде.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

17 қазандағы мәлімет бойынша, 52 716 адам коронавирус инфекциясынан (–46 116 + және 6 600 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 050 пациент стационарда, 43 666 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 632 адамның жағдайы ауыр,

• 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.