Павлодардың жоғарғы оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Ертіс өңірінің жоғарғы оқу орындары қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.

Мәселен, сегіз мыңнан астам студент білім алатын университетте  күзетші саны көбейтілді. Оқу корпустары мен жатақханалардың аумағындағы камералар жаңартылды. Ғимараттарға кіреберісте  қауіпсіздік құралдары орнатылды. Дабыл батырмаларының саны артты. Оқу-жаттығу кезінде күзет фирмасының мамандары төрт минут ішінде келіп үлгірген. Камераның барлығы ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар қосымша апатты шығу есіктері жасақталды.

Айта кетейік, білім беру ордасы қауіпсіздік шараларына жыл сайын 40 млн теңгеден астам қаржы жұмсайды.

Ертарғын Шахман, университет проректоры:

- Бүгінгі таңда бейнебақылау камераларының саны 234-ке жетті. Бұның барлығы студенттер мен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі үшін. Барлық жерде күзет бекеттері бар. 16 бекет жұмыс істейді. Күзетшілердің барлығы маманданған. Ал камералардың сапасы өте жақсы.