Саран қаласындағы саябаққа төрт метрлік орындық орнатылды

Қарағанды облысының Саран қаласында жастарға арналған ерекше саябақ ашылды.

Мұнда алтыбақан мен жарықшамдардан бөлек 4 метрлік алып орындық орнатылған. Шағын саябақ алдағы уақытта Саран қаласы жастарының сүйікті орнына айналады дейді қала билігі. Демалыс орны демеушілер есебінен салынған.

Денис Эйхвальд, Саран қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Саябақта жастарға арналған от жағатын ошақ салынады. Ол қауіпсіз болады. Мұнда қала жастары келіп алтыбақанда тербеліп, гитара, домбырамен ән салып, уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасаамақпыз. Есесіне ешкімнің мазасын алмайды, себебі саябақ қаладан шеткері орналасқан.