Балқаш маңында ұшақ құлады: бортта екі адам болған

Алматы облысында Балқаш көлінің маңында ұшақ құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, жеңіл қозғалтқышты әуе көлігінің бортында екі адам болған. Жолаушы да, ұшқыш та дін аман. Екеуіне де медициналық көмек қажет емес. Ал ұшақ толығымен қираған.