Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 18 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Хабар 24.

18 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Ал Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

18 қазанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

 

Сондай-ақ...