СҚО-да мал қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз аурудан мал жаппай қырылып жатыр. 

- Мынау міне қиналып жатыр. Тағы бір бұзау. Бұл уже менің алтыншы бұзауым. Қас пен көздің арасы ісіп кетті. Жаны қиналып жатыр. Обал, обал. 

Қауіпті індет бірнеше айдан бері Уәлиханов ауданына қарасты Мортық ауылының халқын әбігерге салды. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша аталған елді мекенде бүгінгі күнге дейін 20-дан астам мал өлген. Әсіресе бұзаулар мен тайыншалар құлап жатыр. Ал халық болса ветеринарлар уақытылы келмеді деп ашынып отыр. Тек жақында ғана бұл өлекселерден патологиялық сараптама алынып, арнайы зертханаға жіберілді. Оның қорытындысы жақын күндері дайын болады. Ал бұл ретте өтемақы төлене ме, жоқ па ? Ол әзір белгісіз. Жауаптылар бұл жайында ертең сұхбат беретін болды.

Әбдікерім Бұйдахман, Мортық ауылының тұрғыны:

- Дер кезінде хабар бергенде олар келген жоқ. Он күннен кейін бірақ келді. Оған дейін ол бұзаулар солай жатты. Ауру тарады, шыққан ауру одан әрі. Пайымдау бойынша бұл қарасан ауруы болып саналады. Оны осындағы вет врачтар да қарасан деп айтып отыр. Бұл қарасанмен мен үш жыл бұрын да малдарымды өлтірген болатынмын. Себебі бұл көктемде берілетін вакцина мына малдарға берілген жоқ. Сондықтан мына ауру шығып отыр. Олар келмегеннен кейін өлген малдарды өзіміз өртеп жіберген болатынбыз.