Отандық инвесторлар туризмді дамытуға үлес қосады

Отандық инвесторлар Жетісу өңіріндегі ұлттық-табиғи парктерден жерді жалға алып, туризмді дамытуды көздейді.

Олар «Көлсай көлдері», «Алтынемел», «Шарын шатқалы» мен «Іле Алатауы» ұлттық-табиғи парктеріне жаңа нысандар салуға дайын. Инвестициялық жобалардың жалпы құны 24 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапарымен барған еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың кесіпкерлермен кездесуі кезінде айтылды. Министр жыл басында ашылған «Аюсай» демалыс аймағындағы сапар орталығының жұмысымен де танысты. Кәсіпкерлермен жүздесіп, орталықты аралап, мүмкіндіктерін байқады. Халықаралық тәжірибеге сүйеніп ашылған бұл нысан таза экологиялық заттардан салынған.

«Дәл осындай инвестициялық жобалар келесі жылы «Шарын» мен «Алтынемелде» бой көтереді. Екіншіден, инвесторлар түрлі саяхат сапарларын ұйымдастырып, жергілікті жердің тұрғындарын оқытып, жұмысқа қабылдауға міндеттеледі», - деді министр.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Қазақстанда бар ұлттық парктерге осындай визит орталықтарды салу бұл біздің табиғатымызды сақтаумен бірге бизнес пен мемлекеттік өзара жұмыстың нәтижесі деп ойлаймын. Сонымен қатар біздің халқымызға, Қазақстан тұрғындарына сонымен қатар қонақтарымызға табиғатымыздың кереметтігін көрсету. Әрине мұндай визит-орталықтарда ғимараттарды салып ғана қою емес. Әрине бұл экологиялық жағынан да тиімді болуы керек.