Маңғыстау облысында заңсыз еңбек еткен шетелдіктер ел аумағынан шығарылды

Маңғыстау облысында заңсыз еңбек еткен 62 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.

Өңірде  «Нелегал-Кордон» жедел алдын алу шарасы өтті. Оның аясында 772 өзге мемлекеттің азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларды шағын және орта кәсіпкерлік нысанға жұмысқа алған 300-ге тарта тұрғынға айыппұл салынды. Қазақстаннан қуылса да осы аймақта бой тасалап жүрген 15 күдікті ұсталды. Сондай-ақ мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өткен 2 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Гүлшара Бастаубаева, ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы:

- Көбіне олар ТМД елдерінен. Өзбекстан Республикасының азаматтары. 14-і алыс шетел азаматтары. Көші-қон қызметі ұйымдасқан қылмыс бойынша 1 азаматшаны ұстады. Қазіргі уақытта тергеу істері жүргізіліп жатыр.