Алдағы 4 жылда үш мыңнан астам су шаруашылығы қызметкерінің біліктілігі артады

Қазақстанда «Қазсушар» РМК Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда филиалдарының аудандық шаруашылық қызметкерлерін белсенді оқыту жүріп жатыр. Осы және алдағы жылдары Қазақ Су шаруашылығы ҒЗИ (Тараз қ.) оқу базасында осындай 10 семинар-тренинг өткізу жоспарлануда. Бұл биылғы жылдың өзінде аудандық су шаруашылықтарының желілік-техникалық және инженерлік персоналының 250 маманын оқытып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін «Қазсушар» РМК өндірістік-пайдалану учаскелерінің желілік-техникалық персоналының 3 мыңнан астам қызметкерінің біліктілігін арттыру жоспарлануда. Оның үстіне, соңғы жылдары су ресурстары теңгерімін болжау мен оңтайландыруда, инвестицияларды негіздеу мен бағалауда, суды есепке алуды жүзеге асыруда, гидротехникалық құрылыстар мен арналарды дұрыс пайдалануда, су тұтыну тиімділігін арттыруда және су секторында т. б. жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан желілік-техникалық бөлімнің жоғары білім деңгейі және мамандарды даярлау, өз кезегінде, Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардағы апаттардың жиі кездесетін себептерін жоюға мүмкіндік береді.Бұл пайдалану деңгейінің төмендігі, олардың құрылысы кезіндегі техникалық жайы, ақаулар, су тасқынын өткізу кезінде гидрологиялық жағдайдың жеткіліксіз бағалануы және т. б. Осы мақсатта «Қазсушар» РМК облыстық филиалдарының аудандық өндірістік пайдалану учаскелерінің (аудандық сушарларының) желілік-техникалық және инженерлік персоналына арналған оқыту бағдарламасы әзірленді. Ол үшін Қазсушар ҒЗИ-да мамандандырылған зертханалар, қажетті жабдықтар, сондай-ақ жоғары білікті оқытушылар, барлық қажетті ғылыми-әдістемелік және материалдық база бар. Оның үстіне бұл Қазақстанда ПУИД-2 су шаруашылығы және гидромелиоративтік объектілерін қайта құрудың аяқталуына және елдің су шаруашылығында ирригациялық жүйелерді басқарудың, пайдаланудың, жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің прогрессивті әдістерінің енгізілуіне орай аса маңызды болмақ. Сондықтан су шаруашылығының желілік-техникалық және инженерлік персоналын уақтылы оқыту және олардың біліктілігі мен іскерлігін арттыру су инфрақұрылымдарын тиісінше күтіп ұстау және су ресурстарын ұтымды басқару үшін, күрделі шығындарды болдырмау үшін үлкен маңызға ие. Бұл ең алдымен ПУИД-2 іске асырылатын трансшекаралық өзендер бассейндерінде (Сырдария, Талас, Шу және Іле) маңызды. Мұндай прогресс, сөзсіз, бүкіл ел бойынша экологиялық және су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сеп болады.

Анықтама үшін: ПУИД-2 2014 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Заңымен ратификацияланған біздің республикамыз бен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі (ХҚДБ) арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес Қазақстанда іске асырылатын «ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-фаза» (ҮИИД – 2) жобасы. Жоба еліміздің 105 мың га, ең құрғақ өңірлерін қамтиды. Онда ауыл халқының тұрмыс-тіршілігі көбінесе су инфрақұрылымдарын, техникалық дұрыс пайдалануға байланысты. Оның ішінде Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда областары мұнда ПУИД-2жобасы іске асырылады. Бұл жоба судың сарқылуы, шығыны мен жердің деградациясын алдын алу, шаруашылықтардың кірісін арттыру, 20 мың ауыл тұрғындарын жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін мелиоративтік жағдайлар жасау үшін аса қажет. Инфрақұрылым мен институционалдық жағдайларды қалпына келтіреді және жақсартады.