Павлодар облысында тегін нан таратылды

Павлодар облысы нан күнін атап өтті.

Мерекенің құрметіне тұрғындарға ас атасы тегін таратылды.

Айта кетейік, жуырда ғана аймақта нан бағасы өскен еді. Жергілікті атқарушы билік шұғыл түрде баға нарқын реттеу үшін астық өндірушілер мен диірмен және наубайхана иелерімен меморандум жасасты. Ал қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар жеке кәсіпкерлерден түскен қаражатқа 2 мың бөлке нан сатып алған. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында олар 30 мың бөлке нан таратуды көздеп отыр.

Болат Сүлейменов, кәсіпкер:

- Біз адамдарды жағдайы бар немесе жағдайы жоқ деп бөлмейміз. Акцияға тұрғындардың бәрі қатыса алады. Жерлестерімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлау - ең басты мақсатымыз. Осындай іс-шараларға келешекте өзге де кәсіпкерлер атсалысады деп ойлаймын.