Шымкентте «Бебеу» атты мультипликациялық туындының тұсауы кесілді

Құтқарушылар күні Шымкентте «Бебеу» атты мультипликациялық туындының тұсауы кесілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда өрт сөндірушілердің жұмысы кеңінен көрініс тапқан. Тәрбиелік мәні зор мультфильмде балаларды төтенше жағдайдан сақтандыруға баса мән берілген. Олардың бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіре отырып, өзгеге көмектесуге шұғыл шешім қабылдауға үндейді.

Еркебұлан Тасқараев, Қаратау аудандық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

- Өрт сөндіру қызметінің мақсаты қандай екенін сол кішкентай балалардан бастасақ деген ниет болды. Өйткені қазіргі таңда ересек азаматтардың өзі өрттің кезінде сасқалақтап не істерін білмей хабарласып жататындар бар. Әлі күнге дейін 01 байланыс нөміріне звондайтындар бар. Ал оның бәрі уақыт. Ал уақыт өрттің алдын алуда көп рөл ойнайды. Сол мақсатта кішкентай балаларды балабақшадан бастап үйретсек дейміз.

Сондай-ақ...