434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда «Алаш» ардақтыларына арналған мурал пайда болды

  • 132
  • UPD: 10:17, 20.10.2021

Павлодарда «Алаш» партиясының ардақтыларына арналған мурал пайда болды.

Мурал педагогикалық университет ғимаратында  орналасқан. Муралдың ашылуына қатысқан  зиялы қауым өкілдері оны «Өнер туындысы ғана емес саяси, идеологиялық мәні зор  көрнекі құрал» деп атап өтті. Жалпы Павлодарда алаш қайраткерлері Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ескерткіштері бар. Ал жаңадан салынған муралдан жеті бірдей «Алаш» қайраткерінің тұлғасын көруге болады. Және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деген жыр жолдары жазылған.

Анар Кәрімова, ПМПУ Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы:

- Осы азаматтардың 20-шы ғасырдың басында ойлаған арман-мақсаттары бүгін іске асырылып отыр. Оған барлығымыз куәміз. Ахмет Байтұрсынов кезінде былай айтып еді елдікі  бүгін үшін, менікі ертең үшін. Яғни бүкіл жасаған іс әрекеттері,  ол жаңағы мемлекеттік  думаға қатысуы, ол мына Қазақ газеті және Айқап журналын ашуы ол барлығы қазақ халқының қамын ойлау.

Хабар 24 телеарнасы