Семейді қалың тұман тұмшалады

Семейді түнде қою тұман басты. Көз көрер шек 40-50 метрден аспай қалғандықтан бұл табиғи құбылыс әсіресе жүргізушілерге қиындық келтірді. Сол себепті олар апаттық дабыл шамын қосып жүруге мәжбүр болды.

- Видимость нулевая. На перекрёстках вообще ничего не видно. Все машины едут с аварийками. 

Қала көшелері мен ғимараттарды қалың тұман тұмшалаған көрініс түсірілген бейнежазбалар лезде әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Күннің күрт жылынуы мен өзен суының булануынан пайда болған мұндай ауа райы өңірде бір апта бойы сақталуы мүмкін. Құтқарушылар тұман кезінде жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Сондай-ақ...