Қазақстанда «қызыл аймақта» алты өңір қалды

2021 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.