Елордаға қосымша 2300 тонна сұйытылған газ бөлінді

Осы айда Нұр-Сұлтан қаласының шамамен көп пәтерлі 10 тұрғын үй кешеніне ыстық сумен жабдықтау және жылу беру қызметтерін көрсетуде іркіліс болды. Басты себептердің бірі – сұйытылған газды елордаға уақтылы жеткізбеу.

ҚР Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органмен, сондай-ақ өндіруші зауыттармен және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, жылу беру маусымының ерте басталуына байланысты елорда үшін газды басымдықпен жөнелту мүмкіндігін пысықтады, деп хабарлайды Хабар 24. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар «Теңізшевройл» ЖШС-мен қалаға қосымша 2300 тонна газ бөлу туралы келіссөздер жүргізілді.

Бірінші кезекте отын газ тарату қондырғылары мен қазандықтарға, содан кейін ғана автожанармай құю станцияларына жеткізілетін болады.

Соңғы екі жылда көгілдір отынға ауыстырылған автомобильдер саны артқанын (2019 жылғы 139 мың автокөліктен 2021 жылы 313 мың автомобильге дейін) атап өткен жөн.

Айта кетейік, «Теңізшевройл» ЖШС (01.08 - 18.09.2021ж. аралығында), сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (қыркүйек) және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (қазан) зауыттарында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары жағдайға әсер етті, салдарынан Қазақстанда сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 25%-ке төмендеген.

Қазіргі уақытта зауыттар өндірістік қуатын арттырып, жақын арада сұйытылған газ өңірлерге келіп түсіп, халық арасында бөлшек сауда үшін қолжетімді болады.

Ішкі нарыққа беру жоспары аясында сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.