БҚО-да қызметкерлері вакцина алмаған кәсіпорындарға айыппұл салынады

БҚО-да қызметкерлері екпе алмаған кәсіпорындарға айыппұл салынатын болды.

Жаңадан күшіне енген құқықтық-нормативтік акт талабы осындай. Яғни мониторингтік топтар жұмыс күндері сағат 10:00 мен 17:00 аралығында қызметкерлері 60 проценттен төмен вакцина алған ұйымдарды тексере алады. Қазір облыста құрылған 167 мониторинг топ бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Заң бұзушылық анықталған жағдайда шағын және орта бизнес субъектілеріне айыппұл салынады. Егер кәсіпорын екінші мәрте заң бұзса, жабылуы да мүмкін. Бұл туралы облыстық жедел штаб отырысында айтылды.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

- Штраф өте үлкен. Шағын бизнеске 670 мыңнан астам, ірі бизнеске 4,5 миллионға дейін. Сондықтан вакцина жеткілікті, тегін беріледі. Осындай штрафты әрине ешкім төлегісі келмейді. Сондықтан ұжыммен тағы да сөйлесіп шығыңыз. Кім вакцина алған жоқ, кімде медотвод жоқ, әрине соларды бәрін екпе алуыңыз керек.

Сондай-ақ...