434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұлттық жоба су мәселесін шеше ме?

  • 108
  • UPD: 15:46, 20.10.2021
Ұлттық жоба су мәселесін шеше ме?

«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы еліміздегі кәсіпорындар мен ел экономикасының қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуі тиіс. 

Әсіресе шекара маңындағы елді мекендерде өзекті болып отырған су мәселесін бір ретке келтіруге осы жоба көмектесуі мүмкін. Қазақстанның экологиялық қауымдастығы жаңа жобаға қатысты осындай пікір білдірді. Ұлттық жоба 4 бағытты қамтиды.

Бұл ауаның, судың сапасын жақсарту, энергияны үнемдеу және экологиялық білім беру мәселелері. Соның ішінде салалық қауымдастық соңғы бағытта жұмыс істейді.

Олар ЮНЕСКО-мен бірге оқушылардың, студенттердің экологиялық сауаты мен мәдениетін арттырады.

Рүстем Қабжанов, «Еcojer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының директоры:

- Ең бастысы, осы жобада айтылған мақсаттарға қол жеткізу. Өйткені қаржыландыру көлемі 1 триллион теңгеден асады. Сондықтан бұл бастамалар қоғамдық бақылау арқылы жүзеге асырылады деп үміттенеміз. Біз экологиялық қауымдастық ретінде жобаны қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы