Иманбек MTV EMA сыйлығына ұсынылды  

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов MTV EMA сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды деп хабарлайды «Хабар 24» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мені Best MTV Russia Act номинациясы бойынша MTV EMA сыйлығына ұсынды!», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Еске салайық, 20 жастағы Иманбек Зейкенов Grammy номинациясын жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды. Ол SAINt JHN-нің «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін мүсіншені алған. Ал оған дейін Иманбек Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде Рита Ора, Usher, David Guetta, 50 Cent, Sean Paul және Sofia Reyes сияқты әлемге әйгілі әртістермен ремикстер, әндер жазып үлгерді.

Биыл қыркүйекте қазақстандық диджей GQ Russia журналының «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алған болатын.