Саяси қуғын-сүргіннен миллионнан астам қазақ босып кеткен

Саяси қуғын-сүргін салдарынан шетелге бас сауғалап, жолда көз жұмған азаматтардың саны есептеледі. Ол үшін сала мамандары арнайы жұмыс тобын құрады. Бүгін құрбандарды есептеу жөніндегі семинар қатысушылары осындай ұсыныс жасады.

Сарапшылар құрбандарды есептеудің жаңа ғылыми тәсілін ойлап табу қажеттілігіне баса назар аударды.

Айта кетерлігі, батыс және оңтүстік өңірлерде тұрған қазақтар негізінен Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран мен Ауғанстан жеріне көшуге мәжбүр болды. Ал солтүстік облыс тұрғындары Ресейге қоныс аударған.

Арайлым Мұсағалиева, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

–20-30 жылдары миллионнан астам қазақ босып кеткен. Елін-жерін тастап кетті. Олар қашып кеткен жоқ. Олар мемлекеттің тарапынан жасалған қысымға шыдамай босып кетуге мәжбүр болды. Босып кеткен қазақтардың есімдері анықталғаннан кейін оларды ақтау процесі жүреді. Бұл адамдардың алдындағы, аруағының алдындағы мемлекеттің қысымшылығына ұшыраған адамдарға деген үлкен құрмет деп білемін.