Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды

Маңғыстау облысында шаңды дауылдан көлік қозғалысы қиындады.

Ақтау-Бейнеу және Шетпе-Тұщықұдық жолдарында топырақ борап тұр. Десек те, қазір барлық бағыт бойынша қозғалысқа рұқсат етілген. Құтқарушыларға шақырту түскен жоқ. Синоптиктер кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен. Сондай-ақ нөсер жауын болады деген болжам айтылды.