434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Басқарма басшылары не бүлдірді?

  • 112
  • UPD: 23:59, 20.10.2021

Петропавлда Денсаулық сақтау және Спорт басқармасы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Бірақ оларға нақты қандай айып тағылғаны әзірге айтылмады.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде облыстың бас дәрігерінің мекеме директорынан пара алғаны туралы бейресми ақпарат тараған.  Ал, спорт басқармасы басшысының не үшін жауапқа тартылып жатқаны белгісіз. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Нұрлан Жахин, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары:

– Спорт басқармасы және денсаулық басқармасының басшыларына қатысты қылмыстық істер, сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілуде. Оны растаймыз. Бірақ та қосымша ақпарат жаңағы тергеудің мүддесіне сәйкес, сонымен қатар осы ҚПК 201-бабына сәйкес біз толыққанды жария ете алмаймыз. Және бізге оған рұқсат етілмеген.

Хабар 24 телеарнасы