Қ.Тоқаев: Азаматтық қоғам институттарын қолдау керек

Gov.kz

Азаматтық қоғам институттарын барынша қолдау керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынас саласына жүйелі сараптама жүргізуде. Бұған қоса, министрлік қандай да бір кикілжің туындаған кезде тиімді әрекет жасаудың әдіс-тәсілдерін айқындайды. Барлық деңгейдегі әкімдер ұсынымдарды сапалы орындауға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы бұл жұмыста Ассамблеяның тәжірибесіне арқа сүйеген жөн екенін баса айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-  Бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін азаматтық қоғам институттарын барынша қолдау керек. Тиісті лауазымды тұлғалар олардың қызметінің үйлесімді болуына тікелей жауап береді. Бұл салада салғырттық пен қателікке жол беруге болмайды. Осыны әркім есте сақтауы қажет.