430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жүкті әйелдер мен 12 жастан асқан балаларға вакцина салынады

  • 188
  • UPD: 15:49, 21.10.2021

Елімізде 12 -ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина салына бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов бүгін осындай жаңа қаулыға қол қойды. Бұл топтағы адамдарға америкалық Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы «Comirnaty» вакцинасы салынады.

Құжатқа сәйкес, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне егу науқанын өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Вакцинация алдында коронавирусқа инфекция мен антиденелердің бар-жоғын тексеру жүргізілмейді делінген құжатта.

Хабар 24 телеарнасы