Халық санағынан онлайн өту уақыты ұзартылды

Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініштер түсе бастады. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.

Айта кетейік, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн-санақ функциясын азаматтардың 40 пайызға жуығы пайдаланған. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Олар қазірдің өзінде 5 938 259 адамға сауал жүргізді. Онлайн өткен респонденттер келген хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Олармен сауалнама қайта жүргізілмейді.