434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мутацияланған штамм миды зақымдайды

  • 77
  • UPD: 19:58, 21.10.2021

 Коронавирустың Дельта штамы адамның жүйке жүйесін зақымдайды, деп хабарлайды хабар 24.

Бастапқы кезде, мутацияланған штамның ауру белгілерінде іш өту басым болса, қазір нейротоксикалық әсері жиі байқалуда. Яғни науқастардың есте сақтау қабілеті нашарлап, талып қалу жағдайлары тіркелген. Сондықтан бас санитар дәрігер вакцина алудың қажеттілігін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматы тұрғындарының 54 проценті екпе алған. 

«Иммундық қабатқа жету үшін мегаполис халқының 80% вакцина алуы тиіс», - деді Жандарбек Бекшин.  Соңғы тәулікте Алматыда 309 адамнан коронавирус анықталған.

Мамандардың айтуынша, эпидахуал тұрақталып келеді. Тәуліктік жұқтыру көрсеткіші 250 адамға дейін төмендесе ғана қала қызыл аймақтан шығады.

Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Қазіргі вакциналау қарқынымен иммундық қабат күн сайын 1 процентке өсуде. Алғашқы кезде бұл көрсеткішті 70 процентке жеткізу керек дегенбіз. Бүгінгі күнге бізде иммундық қабат 54%. Қазіргідей қарқынмен тиісті межеге жыл соңына дейін жетеміз деп ойлаймын. Дегенмен, штамдардың мутациялануын ескеріп, иммундық қабатты 80 процентке жеткізу керек деп шештік. Сонда ғана тұрғындарды жаппай ауру жұғудан қорғай аламыз.

Хабар 24 телеарнасы