Медбикені жұмысқа алған болып, айлықтың ақшасын жымқырған дәрігер әшкереленді

Шығыстағы Шар қаласында аурухана бас дәрігерінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ол коронавирус індетімен күрес кезінде бюджеттен ақша жымқырған. Лауазымды тұлға ауруханаға медбике ретінде қызметкерді тіркеп, тұрақты түрде еңбекақы алып келген. Қазына қаржысын ұрлаған дәрігердің әрекетін сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі облыстық департамент қызметкерлері әшкереледі. Лауазым иесі шамамен 2,5 миллион теңге алып үлгірген. Қазір жемқорлық іске ауруханадаға басқа қызметкерлердің қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жігер Байделдин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Осы ауруханадағы медбике ретінде адамды орналастырған. Яғни бұл адам жұмыс жасаған жоқ. Бірақ оған ай сайынғы төлемақы төленіп отырған. Сонымен қатар ковидпен күрес жөнінде комиссия шешімі негізінде бұл кісіге қанша төлем төленіп отырған. Сол себепті қазіргі  таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.