434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда «Финико» пирамидасынан тақырға отырғандар көмек сұрайды

  • 143
  • UPD: 20:14, 21.10.2021
Алматыда «Финико» пирамидасынан тақырға отырғандар көмек сұрайды

Алматыда қаржы пирамидасына алданып, қомақты қаражатынан айырылғандар қалалық прокуратураға арызданды.

2019 жылы Ресейдің Қазан қаласында құрылған «Финико» компаниясына тұрғындар қыруар қаржы салған. Айталық, бізге сұхбат берген Сұлу есімді келіншек 25 мың доллардан айырылып қалған. Арасында тіпті 200 мың доллар салғандары бар екен. Бар ақшасынан айырылып, алданған отандастарымыздың үміті құқық қорғау органдарында. Сан соғып қалған салымшылар қаржы пирамидасының басшылары арнайы психологиялық әдістерді қолдануы мүмкін екенін айтады.

Сұлу, салымшы:

- Бұл жерде лидерлер барлық республика бойынша кеңселер ашып, адамдар тартқан ғой. Республика бойынша бір ғана тергеуші айналысып жатыр іспенен. Бұған біздің көңіліміз толмайды, біз талап етіп отырмыз үлкен тергеу оперативті топ құрылуын оның ішіне қаржы саласын бақылайтын агенттік өкілі және прокуратура, КНБ сондай орган өкілдері кіргенін талап етіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы