ШҚО-да ер адам жеке үйдің жертөлесінде марихуана өсірген

ШҚО-да ер адам жеке үйдің жертөлесінде марихуана өсірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы қазан айында «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жарма ауданының 34 жастағы тұрғынының жеке үйінде санкцияланған тінту жүргізді. Нәтижесінде үйдің жертөлесінде «тыс көзден жасырылған» есірткі өсімдіктерінің плантациясы табылды. Үй иесі марихуананы арнайы құмыраларды өсіріп, оларға мұқият күтім жасағаны белгілі болды. Жалпы салмағы жарты килограмнан асатын құрамында есірткі заты бар барлық өсімдіктер тәркіленіп, олар бойынша тиісті сот сараптамасы жүргізілді.

Талғат Шаяхметов, ШҚО ПД бастығының орынбасары:

– Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның санкциялары екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.