Екпе алмаған қызметкерлер ПТР тест тапсырады

Екпе алмаған қызметкерлер ПТР тест тапсырады

Елде жұмыс берушілер міндетті вакциналаудан өтпеген қызметкерін бұрынғыша жұмыстан шеттетуге құқылы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша денсаулығы жарамды бола тұра екпе алмағандар жұмыс орнына тек ПТР тест нәтижесімен кіргізіледі немес өзара келісім арқылы қашықтан жұмыс істеу форматына көшіріледі.

«Денсаулық сақтау министрлігі осындай санитарлық нормаларды өз күшінде қалдырды», - дейді бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Ал ҚР Еңбек кодексінің 48 бабына сәйкес, санитарлық дәрігердің әр қаулысы еңбек қарым-қатынасында міндетті түрде негізге алынады.