Павлодарда эпидахуал көңіл көншітпей тұр

Павлодар облысында соңғы тәулікте ауру жұқтырудың 202 дерегі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта 1200-ден астам науқас стационарлық ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар осы күнге дейін бірінші компонентті 370 мыңға жуық адам алды. Ал болжам бойынша ревакцинация желтоқсан айында басталуы мүмкін.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бұған дейін оң динамика байқалып еді. Бірақ бүгінгі жағдай көңіл көншітпейді. Инфекциялық стационарларымыз тәулігіне 120-дан астам науқасты қабылдап жатыр. Иммундау шаралары жоспарлы түрде жүргізілуде. Бүгінде вакцинаның алғашқы компонентін 900-ге жуық тұрғын алды.