Алдағы төрт жыл ішінде елді мекендер аумағында 15 млн түп ағаш егіледі

Алдағы төрт жыл ішінде Мемлекеттік орман қорына 2 млрд ағаш және елді мекендер аумағында 15 млн түп ағаш егіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкімет басшысының Еуропалық одақ елшілерімен кездесуінде айтылды. Орман секторын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары бар. Оның шеңберінде жеке орман өсіруді мемлекеттік қолдау және басқа да шаралар арқылы дамыту көзделген. Жиында Қазақстанның Еуропалық одақпен арадағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесуде экономиканың тұрақты дамуы сөз болды. Асқар Мамин Қазақстанда климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қолға алынғанын атап өтті.