Қызылордалық диқандар 500 мың тонна күріш жинады

Бұл Сыр өңірі үшін рекорд болмағанымен жоғары көрсеткіш. Көктемде бас-аяғы 84 мың гектар алқапқа дән себілсе, күзгі жиын-терім кезінде орташа есеппен гектарына 60 центнерден өнім алынды.

Жаз бойы бел жазбаған диқандар еңбегінің жемісін көрді. Бір кемдігі құрғақшылық болып, су аз келді. Дегенмен, диқандар каналдарды тазартып, сорғы және жаңа технологияның көмегімен егістікті шашау шығармай жинап алды. Тамшылату және қазақтың дәстүрлі суару тәсілі қолданылды. Мамандар енді күріштің әр келісі 222 теңгеден болады деп есептеп отыр. Елде бұл өнімнің 95 проценті Қызылорда өңірінде өсіріледі. ТМД мемлекеттері мен Моңғолия, Иракқа экспортталады. 

Талғат Дүйсебаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Су тапшылығын ескере отырып, үстіміздегі жылы біз күріш көлемін енді күріш суды көп қажет етеді. Өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемін 6 мың га қысқартқан болатынбыз. Оның орнына майлы дақылдарды, көкөніс, бақша дақылдарын және мал азығы дақылдарын 9 мың га арттырдық. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар біз көшеттер егу, тамшылатып және жаңбырлатып суару, сол бағытта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру келесі жылдан бастап қолға алынады.

Сондай-ақ...