Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 162 адамның жағдайы өте ауыр

23 қазандағы мәлімет бойынша, 50 869 адам коронавирус инфекциясынан (–44 687 + және 6 182 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Олардың ішінде 8 750 пациент стационарда, 42 119 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 631 адамның жағдайы ауыр,

• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,

•  107 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.