Астанада СҚО жәрмеңкесі өтіп жатыр

Экспортқа жөнелтілетін жоғары сұрыпты ұн 250 теңгеден. Бүгін солтүстік қазақстандық диірменшілер елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде өз өнімдерін ұсынды.

Жалпы бұл өңірден жәрмеңкеге ұнның 25 тоннасы жеткізілген. Сондай-ақ 25 тонна ірі қараның еті бар. Бағасы 2000, ал жылқы еті 2 жарым мың теңгеден. Қысқы азығын қамдауға келген жұрт  қолжетімді бағадағы тәуір ет пен көкөністі қаптап алып жатыр. Көкөніс демекші, картоп, сәбіз бен орамжапырақтың 600 тоннасы әкелінген. Бұдан бөлек құс пен балық еті, сүт өнімдері мен жұмыртқа нарықтағы бағасымен салыстырғанда 15-20 процентке төмен бағаға саудаланды. 

БЛИЦ

- Өзіміздің Солтүстік Қазақстанның кәртобы, еті, ұны, сондықтан бәрі жақсы.

- Қыстың қамын жасапсыз ғой? Қандай тауар алдыңыз бүгін?

– Әртүрлі ғой. Овощ дейді, фрукты дейді, ұн дейді, балық дейді, ет дейді.

– Бағасы қалай, көңілден шықты ма?

– Нормально, нормально.

- Бүгін әдейілеп Петропавловскінің етін алдым. Петропавловскінің балығы жақсы. Олардың сулары таза. Сондықтан өзіміздің Петропавлдың балығына келдім әдейілеп.