Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды. Биыл елордада 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Хабар 24 елорда  әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Елордада дәстүрлі күзгі ағаш отырғызу жалғасып жатыр. Биыл жалпы 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаш, бұта, көшет) отырғызамыз. Осылайша, қалада көбірек «жасыл аралдар» мен экологиялық аймақтар ашылды, сол сияқты тақырыптық алаңдарды абаттандырып, ашамыз.

Бүгін, мысалы, оң жағалауда Қаржы министрлігі ғимаратының алдына ағаштар отырғызылды. Мұнда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қаржы министрлігі қызметінің 100 жылдығына орайластырылған қаржыгерлер аллеясын аштық. Министрліктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері де, еңбек ардагерлері де қатысты.

Біз қаланың барлық ауданына отырғызамыз, оның ішінде көрікті тұстарға, театрларға және өзге де орындарға ағаштар отырғызамыз. Экологияның жақсаруына үлес қосқан әрбір жанға алғыс айтамын!й, –  деп жазды Алтай Көлгінов.