Өскемен мұғалімдері демалыста санақ жұмысына қатысуға мәжбүр болған - БАҚ

Өскемен мұғалімдері демалыс күндері халық санағында интервьюер болуға мәжбүр. Бұл туралы олар әлеуметтік желілерде жасырын жазып жатыр, деп хабарлайды Altaynews сайтына сілтеме жасап.

«Қазір әкімдік оқытушыларды демалыс күндері санақ жүгізуге мәжбүрлеп жатыр, оның үстіне тегін», – деп шағымданды мұғалімдер. 

Қалалық әкімдік өкілдері журналистерден осы мәселе бойынша облыстың білім басқармасына хабарласуды сұраған. 

«Педагогтерді өзге жұмыстарға тарту «Педагог мәртебесі туралы» заңды бұзу болып саналады. Мұғалімдерді халық санағына тарту туралы бұйрық болған емес», – деп жауап берген ведомство.

Еске салайық, бұған дейін Семейде мұғалімдер сабақтан босатылып, көше сыпыруға жіберілгені туралы жазылды. Бұл үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.